Президент сайлауы – 2019. Коммунистер өз үміткерін ұсынды

Бүгін елордадағы «Park Inn» қонақ үйінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  кезектен тыс XIV Съезі өтіп жатыр.

Бұл съездің мақсаты – 2019 жылдың 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына  ҚКХП атынан үміткер ұсыну болатын.

Баяндама жасаған партияның Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров бұл сайлауға ҚКХП атынан үміткер ұсыну аса маңызды екенін атап өтті.

“Құрметті достар, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауды жариялады. Бұл күтілген қадам болатын. Барлығын билік транзиті алаңдатады. Біз экономикалық ойыншылардың біріміз. Бұл билік транзитінің ауысуы – бастысы бейбіт түрде өтіп жатыр”, – деді Айқын Қоңыров.

Съезге қатысушылар партия атынан Мәжіліс депутаты Жамбыл Аxметбековтің кандидатурасын қолдады. Ол бұған дейін бір мәрте сайлауға қатысқан. 2011 жылы 3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында 1,36 пайыз дауыс жинаған болатын.

Жамбыл Әужанұлы – 1961 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған.

1983-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінде қызметте.

1992-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратында әр түрлі қызметте.

2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Отбасылы, төрт баласы бар.

Бек Төлеуов
Фото: ашық дереккөз