Қаңтардың басында Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

“Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасын жүзеге асыру және жергілікті қамтуды дамытудың қорытынды нәтижелері, дәстүр бойынша, келесі жылдың басында Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін кеңейтілген отырыста қаралатын болады”, – деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Отырыс дәстүр бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді.