Қазақстан Президенті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді. Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты.

 

inform.kz