Қазақстанда президентке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев президентке кандидаттардың өзара дебаттарын телеарналардың тікелей эфирінде көрсетуге дайындық жүріп жатқанын айтты.

– Менің білуімше, теледебаттар болады. Және ол тікелей эфирде өтеді, – деп хабарлады ол.

Алайда министр дебаттардың тақырыбы, онда қандай сұрақтар қойылатынын нақты айтпады.

– Теледебат болғанда, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады, – деді Абаев.

 

Zakon.kz