Тоқаев 100 күнде не істеді?

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымында отырғанына 100 күнтолды.  Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында осы аралықта Тоқаевтың қандай істер атқарғаны туралы видео шолу жариялады.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды. ҚР Президентінің осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша шолу”, – деп жазды Берік Уәли.  Видеода кездесулер үзінділері, Президенттің әр түрлі қалаларға барғандағы сапарларынан үзінді, оның ішінде Арыс қаласы да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде 12 мауысымда Қазақстан Президенті болып сайланды. Осы күні оның ұлықтау рәсімі өтті. 9 маусымда өткен сайлауда Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды. ҚР Президентінің осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша шолу.——————–Исполнилось 100 дней как Глава государства Касым-Жомарт Токаев на официальной инагурации принес присягу народу. Краткий обзор работы Президента РК за этот промежуток времени.

Опубликовано Берік Уәли Среда, 18 сентября 2019 г.