Тоқаев 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындап берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды tazael.kz

“Қазір біз осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, одан соң алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – өз әлеуетіміздің бар мүмкіндіктерін толық пайдалану”, – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқан сөзінде.

Ол өткен жылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін еске салды – экономикалық өсім 4,5% құрады.

“Экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады. Бұл көрсеткіштердің барлығы оң әсер етуі керек. Менің сайлауалды тұғырнамамда айтылған негізгі міндеттерді одан әрі дамыту қажет. Бұл елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға күшті серпін береді”, – деді Мемлекет басшысы.