Тоқаев: Ресей мен Беларусь одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздың Ресей Федерациясы мен Беларусь елінің одағы құрамына ену туралы жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz “Комсомольская правдаға” сілтеме жасап.

Ресей мен Беларуссияның одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ. Басты басымдық – бұл ұйым шеңберіндегі интеграцияны одан әрі дамыту, – деді ол.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.

2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарықтар қалыптасады. Мұнда цифрлы бағыттағы өзара іс-қимыл перспективалық бағыт болып табылады, – дейді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтары үшін Ресей – “ең жақын мемлекет және болашақта да солай болып қала береді” деп атап өтті.