Тоқаев тұрғын үй бағдарламасы операторларын қысқарту туралы Заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

“Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, делінген Ақорда хабарламасында.