Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Асқар Мамин Мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.

Қазақстан Президентіне халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, егін жинау науқанын ұйымдастыру және жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және карантинге қойылатын талаптарды кезең-кезеңмен жоюға ерекше назар аударылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді.