Тоқаев үкіметтегілерге елдегі экономикалық жағдайды реттеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтегілерге тапсырма берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

“Әлем жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр. Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс”, – деп жазды Тоқаев