Трамп орнынан кетуі мүмкін

Бір аптадан бері АҚШ-тың мейнстрим медиасы Трамптың Украина президенті Зеленскийден қандай favor сұрағанын талдап жатыр. Бір телефонның әңгімесі Трамптың президенттіктен алып тастауға негіз болуы мүмкін, деп жазды желіде Жолдас Орисбаев.

“Трамп шілденің 25-і күні Зеленскийге хабарласып, өзінің саяси оппоненті Джо Байденнің баласы мен оның Украинадағы коррупциямен байланысы бар не жоғын анықтауға қызығушылық танытып жатқанын айтып, соны анықтап беруді сұраған. Ал Трамп өз кезегінде Украина әскери көмек ретінде қаржылай қолдауды кешіктірмей жіберетінін мәлімдеген. Айта кетсек, Джо Байден әзірге Демократтардан шыққан үміткерлердің арасындағы ең белсендісі болып тұр. Сондықтан, Трамп оның Украинадағы болуы мүмкін косяктарын тауып, көзін құртуға тырысып жатыр. Бұл жерде Трамп өзінің саяси позициясын асыра пайдаланып, саяси оппонентінің аяғынан шалмақшы болғаны белгілі болды. Сол үшін де оған импичмент жариялау өкілдер палатасы тарапынан ұсынылды.

Маған қызық болғаны АҚШ-тың қай медиасы бұл мәселені қалай талдайтыны болып отыр. Жаңағыдан бері қарап отырсам, ең либералды көзқарастағы медианың өзі Трамптың кеткенін қалап, Op-ed, Opinion жариялап отыр. Олардың қатарында The Washington Post, The New York Times, CNN, CBS, NBC, LA Times бар. Ал Трампты тек Fox New қолдап отыр. Екі жақта нағыз объективті журналистикалық позицияны байқау қиын. Себебі бірі солшыл, екіншісі оңшыл болып тұр.

Төмендегі кестеде Трампқа импичмент жариялау керек екенін қолдап не қарсы шығып жатқан депутаттар статистикасын көресіздер. Демократтар дерлік жеңіп тұр. Трамп “Американы ұлы етіп” үлгермей кетіп қалатын сияқты”, деп пайымдайды пост авторы