
Үкімет құрамына жастарды тартамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
“Біздің заңнамамызға сәйкес Үкімет отставкаға кетпейді. Дегенмен, нақты-нақты кадрлық ауыс-түйіс болады. Бұған дейін атап өткенімдей, Үкіметке жаңа тұлғалар, оның ішінде жастар өкілі тартылады. Меніңше, барынша қабілетті кадрларды тарту қажет”, – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев “Президенттік кадрлық резерв” дайындауға уәде бергенін еске салды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 300 адам кіретінін атап өтті. “Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бұл догма емес. Дегенмен, басты мақсат – жастарды мемлекетті басқаруға тарту”,- деді ҚР Президенті.