Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді

800

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына енді, — деп хабарлайды Жас Алаш Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.

Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.