Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды

1020

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін бір жылдам астам тізгінді ұстаған Қайрат Сәтжанов қызметінен өз еркімен кетті.

Ол былтыр Токио Олимпиадасынан кейін тізгінді ұстады. Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 2 алтын жеңіп алды. Биыл ұлттық құрама Аммандағы Азия чемпионатына қатысты.

Ал Мырзағали Құланұлы Айтжанов 1970 жылы 13 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабастау ауылында дүниеге келген. Жастар арасында Кеңес Одағы кубогының күміс жүлдегері, КСРО және Еуропа чемпионы.

Ол қазіргі кезде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы. Сонымен қатар, ұлттық құрама боксшысы Сағындық Тоғамбай да Мырзағали Айтжановтың қол астында жаттығады.