“Астана” Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады

“Астана” футбол командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде франциялық “Ренннен” 2:0 есебімен жеңіліп қалды деп жазады prosports.kz.

Француз жерінде өткен матчтың алғашқы таймында гол соғылмады.

Алаң иелері 45 минут бойы тынбай шабуылдаса да, “Астана” қақпасына доп соға алмады.

Алайда, екінші таймда 20 жастағы сенегалдық шабуылшы Исмаила Сарр “Астана” қақпасына екі гол соқты.

Осылайша, елордалық команда Еуропа лигасынан шығып қалды.