“Барселонаға” 1/4 финалда “Манчестер Юнайтед” түсті

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалының жеребесі тартылды.

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде бір елдің өкілдері бір-бірімен кездесе береді. Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесулері 9 және 10 сәуірде өтеді, қарымта кездесулер – бір аптадан кейін.

ЧЛ 1/4 финалының барлық жұптары мынадай болды:

“Аякс” (Голландия) – “Ювентус” (Италия)

“Ливерпуль” (Англия) – “Порту” (Португалия)

“Тоттенхэм” (Англия) – “Манчестер Сити” (Англия)

“Барселона” (Испания) – “Манчестер Юнайтед” (Англия).

“Тоттенхэм” – “Сити” жұбының жеңімпазы “Ювентус” немесе “Аякспен” кездеседі, ал “Барса” – “МЮ” екеуінің мықтысы “Ливерпуль” немесе “Портуға” шығады.

Алғашқы жартылай финалдық ойындар 30 сәуірде, қарымта кездесу – 7 мамырда өтеді.

Финал 2 маусымда Мадридтегі “Ванда Метрополитано” стадионында өтеді.