Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Атамқұлов жаңа қызметіне қазақстандық шахмат федерациясының кезектен тыс құрылтайы кезінде тағайындалды.

Шенеунік бұл қызметте алматылық марафонның негізін қалаушысы Ғалымжан Есеновтың орнын басты.

Еске сала кетейік, осыдан бес жыл бұрын Ғалымжан Есенов Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорын құрып, оңтүстік астана марафонының негізін қалаған.

Есенов өз кезегінде, көп күш-жігерді талап ететін жобалар санының көбеюіне байланысты қазақстандық шахмат федерациясының жаңа басшысын сайлауды ұсынды. Ол жаңа басшылық жақсы нәтиже көрсететініне сенімділік білдірді.

Оған қоса, шараға қатысушылар Есеновтың басшылықта болған кезінде атқарып үлгерген істері мен керемет нәтижелерін де атап өтті. Шахматтан Қазақстанның әйелдер командасы әлемдік олимпиадада үлкен жетістікке жеткені айтылды.

Айта кету керек, аталмыш турнир әлемнің ең үздік спортшыларының басын біріктірді.

Жалпы есеппен алғанда біздің отандастырымыз соңғы бес жылда елге 202 медаль алып келді.