Биыл Евро-2020 өтпей қалуы мүмкін – коронавирус кесірінен

Футболдан Евро-2020 чемпионаты кейінге шегерілуі немесе мүлдем өтпей қалуы мүмкін.

Бұл туралы Rai Radio 1 Sport эфирінде УЕФА вице-президенті Мишель Ува мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

“Қазір біз әрбір елдегі жағдайды бағамдап, байқап отырмыз. Футбол жекелеген мемлекеттердегі жағдайды ескеруі тиіс. Еуропа чемпионатынан бас тартпауға тырысып көреміз, бірақ егер жағдай нашарлап бара жатса – спорттық шараны тоқтата тұрамыз”, деді ол.

Евро-2020 турнирінің бірнеше матчы Римде өтуі тиіс болған. Ал Италияда қазір коронавирустан алты адам қайтыс болып, 200-ден астам адам жұқтырды. Елде төтенше жағдай жарияланған.

Мұның алдында Италия А-сериясының 25-ші турында ойналуы тиіс болған “Интер” – “Сампдория”, “Аталанта” – “Сассуоло”, “Верона” – “Кальяри” және “Торино” – “Парма” матчтары кейінге қалдырылған.