Боксшы Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанды

Бокстан Екатеринбург (Ресей) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов 81 келіде алтын медаль иеленді. 21 жастағы қазақ боксшысы финалда өзбекстандық Дилшодбек Рузметовті жеңді. Бес төреші де жеңісті Нұрдәулетовке берді.

Қазақстан бокшысы әлем чемпионаты барысында қырғызстандық Еркін Адилбекуулын, бразилиялық Кено Мачадоны, түркиялық Байрам Малканды ұтты. Ал жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, Рио олимпиадасының чемпионы кубалық Хулио Цезар Ла Круздан басым түсті. Жекпе-жек кезінде Нұрдәулетов кубалық қарсыласын бір рет нокдаунға жіберді.

Қазақстанның тағы бір боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев +91 келіде күміс медаль иеленді. Ол финалда өзбекстандық Баходир Джалоловтан жеңілді. Ал Сәкен Бибосынов (52 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) және Рио олимпидасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 кг) Ресейдегі әлем чемпионатында қола медаль алды.

Левит жартылай финалда эквадорлық Хулио Кастиллодан жеңілген – 2:3. Осы жекпе-жектен кейін Қазақстан бокс федерациясы төрешілер шешімімен келіспей, Бүкіләлемдік бокс федерациясының (AIBA) уақытша президенті Мухаммед Мустасанға шағым жазды. Бірақ ұйым Қазақстан шағымына жауап берген жоқ