Бүгін Қазақстан мен Сан-Марино ойнайды

Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропачемпионатының іріктеу кезеңі аясында елордадаҚазақстан мен Сан-Марино кездеседі

Бұған дейін Қазақстан 8 маусымда БрюссельдеБельгиямен ойнап, 0:3 есебімен ұтылып қалғанболатын

Ал бүгінгі ойын сағат 20:00-де басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек бұл ойыннан тек жеңіс күтетінін айтты.

«Біз Бельгиямен ойынның алдында кімменкездесетінімізді білдік. Бұл құрамаәлемнің еңүздік командаларының бірі. Қарсылас әділеттітүрде жеңіске жетті. Ойыншыларға тағарайыбым жоқ. Жігіттер барынша тырысты, бірақ қарсылас мықты болып шықты. Ал Сан-Мариномен ойынмен ерекшілігі бар. Бұл жолыөзіміз көбірек шабуыл жасауға тырысамыз. Қарсылас соңғы ойында Ресейден ірі есеппенжеңілді. Осы жолы үш ұпайды өзімізде қалдыруүшін қалай да қарсыластан басым түсу үшінаянып қалмаймыз», – дейді Михал Билек

Айта кетейік, I тобында үш ойыннан кейін Бельгия 9 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші және үшіншіорында 6 ұпайы бар Ресей мен Шотландия болса, одан кейінгі сатыларда Қазақстан мен Кипрде бар. Екеуі де 3 ұпайдан жинаған. Бұлтопта ұпайы жоқ жалғыз құрама – Сан-Марино.

Бельгиямен ойынның алдында құрама сапындажарақаттарына байланысты Юрий Логвиненко, Азат Нұрғалиев, Дмитрий Шомко, БактиерЗайнутдинов қатардан шығып қалған болатын. Михал Билек Сан-Мариномен кездесуде Шомкокөмектесе алатынын айтып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгіннен бастапЕуропа чемпионаты-2020 жарысының аясындаөтетін квалификациялық футбол матчтарынаарнайы Shuttle-Bus бағдарлары ұйымдастырылады

Бек ТӨЛЕУОВ