Данияр Елеусінов Нью-Йоркте қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) қарсыласы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) көз арбасты, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

28 жастағы Олимпиада чемпионы мен 34 жастағы жеңілмеген америкалықтың кездесуі Нью-Йорктегі баспасөз мәслихаты аясында өтті.  Боксшылар 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңда Madison Square Garden аренасының Hulu Theather шағын залында жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген.  Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев кездесіп, жеңіл салмақта WBC “уақытша” чемпионы титулын сарапқа салады. АҚШ-та шоуды DAZN стриминг сервисі тікелей эфирде көрсетеді.