Данияр Қайсанов күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды zakon.kzOlympic.kz-ке сілтеме жасап.

74 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Ол жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.

Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік етті.