Дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы 24 жасында қайтыс болды

11 сәуірде дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті, – деп хабарлайды ҚР ҰОК сайты. Дзюдошының неден қайтыс болғаны туралы ақпарат шыққан жоқ. 

Айта кетейік, Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2017 жылы Ташкентте өткен әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанған, ал былтыр Ақтауда Азия кубогының күміс жүлдесін иеленді.

kaz.tengrinews.kz/