Euro-2020 турнирінің жеребесі тартылды

30 қарашада Румынияның Бухарест қаласында Euro-2020 футбол турнирінің жеребесі тартылды. Жарысқа UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) ұйымына мүше 24 елдің құрамасы қатысады.

Жеребе қорытындысы:

  • A тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария.
  • B тобы: Дания, Финляндия , Бельгия, Ресей.
  • C тобы: Голландия, Украина, Австрия, (Қосымша іріктеуде ойнайтын Грузия/Белорусь/Македония/Косово құрамасының бірі) .
  • D тобы: Англия, Хорватия, Шотландия/Израиль/Норвегия/Сербия, Чехия.
  • E тобы: Испания, Швеция, Польша, Босния және Герцеговина/Солтүстік Ирландия, Словакия, Ирландия.
  • F тобы: Венгрия/Болгария/Исландия/Румыния, Португалия, Франция, Германия.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты 12 маусым мен 12 шілдеде Еуропаның 12 елінің 12 қаласында өтеді. Турнир ойындары Лондон (Англия), Баку (Әзербайжан), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Амстердам (Голландия), Бильбао (Испания), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Дублин (Ирландия) және Глазго (Шотландия) қаласында ұйымдастырылады.

Қазақстан да бұл Euro-2020 жарысының іріктеу турниріне қатысып, жолдамасыз қалған. Қазақстан құрамасы ​(FIFA рейтингінде 121-орында) іріктеу жарысында І тобында сынға түсіп, Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матчта Шотландияны 3:0 есебімен жеңіп, сенсация жасаған. Бірақ одан кейінгі матчтарда Қазақстан FIFA рейтингінде ең соңғы 209-орында тұрған Сан-Мариноны екі рет (4:0, 3:1) жеңіп, Кипрмен бір матчта тең түсті (1:1). Қалған алты ойында (Ресейден екі рет, Бельгиядан екі рет, Кипрден бір мәрте, Шотландиядан бір рет) ұтылды. Қорытындысында 10 ұпаймен Қазақстан алты команда арасында 5-орын алды, топта тек Сан-Мариноның алдында болды. Бұл топтан Бельгия мен Ресей Еуропа чемпионатына жолдама алған.

Нұр-Сұлтандағы “Астана арена” стадионы да Euro-2020 жарысын өткізуге кандидат болған. Бірақ Қазақстан астанасындағы стадион жарыс өтетін 12 аренаның қатарына енбеді.

2016 жылы Францияда өткен Еуропа біріншілігінде Португалия жеңіске жеткен. Бұл елдің құрамасы финалда Францияны 1:0 есебімен ұтты.