Футболдан Қазақстан чемпионаты уақытша тоқтатылды

Футболдан Қазақстан Чемпионаты уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына сілтеме жасап.

“Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.

Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін”, – делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.