Геннадий Головкин Бэнкспен жаттығуының алғашқы видеосын жариялады

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Youtube арнасында жаңа бапкері Жонатан Бэнкспен алғашқы жаттығуларының үзіндісін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкиннің жаңа бапкері алдағы жоспарлармен бөлісті.

Жаттығудан бөлек Геннадий Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты  пікірін білдірді. Жекпе-жектің өзі үшін қосымша ынталандыру болғанын айтқан боксшы не себепті бапкерін ауыстырғанын, оның алдағы уақытта қандай көмегі болатынын сөз етті.

Геннадий Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет  8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО)  жекпе-жекке шығады. Париматч букмекерлік кеңсесінің бағалауынша: Головкиннің жеңісі – 1.01, Роллдың жеңісі – 19.