Головкин келесі жекпе-жегін өткізу үшін Нью-Йоркке келді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу үшін Нью-Йоркке келді, деп хабарлайды  Vesti.kz.

30 қыркүйекте Головкин The Breakfast Club радиосында қонақ болып, Sport Illustrated басылымына сұхбат берді. 5 қазанда Madison Square Garden алаңында өтетін Головкин – Деревянченко кездесуі кешінде жеті жекпе-жек өтеді, оның бірінде қазақстандық Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеске (20-7-2, 7 КО) қарсы шаршы алаңға шығады.

Қазақстанның уақытымен Головкин – Деревянченко бокс кеші қазанның 6-сына қараған түні басталады, ал басты кездесу таңертең басталады.