Головкин мен Жиров НВО тарихындағы үздіктер тізіміне енді

АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center кешенінде HBO арнасының бокспен қоштасу кеші өтті деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Америкалық телеарна келер жылдан бастап кәсіпқой бокс жекпе-жектерін көрсетуді тоқтататын болды. 1973 жылдан бері 45 жыл бойы үздіксіз бокс кештерінен көрсетілім жасаған HBO арнасы соңғы уақытта кәсіпқой боксқа деген қызығушылықтың бәсеңдегенін айтты.
ESPN арнасының бокс маманы Дэн Рафаэль HBO арнасында көрсетілген үздік 45 жекпе-жекті атаған. Ол тізімге қазақстандық боксшылар Василий Жиров пен Геннадий Головкин еніпті.
Нақтырақ айтқанда, тізімнің 22-ші сатысына 2003 жылы сәуір айында өткен Василий Жиров пен Джеймс Тони арасындағы жекпе-жек орналасқан.
Ал 2017 және 201 жылдары қыркүйек айларында өткен мексикалық Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы қос жекпе-жек тізімнің 16-шы сатысына жайғасыпты.