Головкин Р4Р әлемдік рейтингінің көшбасшылар үштігіне оралды

Танымал  BoxRec.com сайты салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының жеке рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші орында бұрынғыдай мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес болса, екінші орында – Америка боксшысы Теренс Кроуфорд. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рейтингтің бесінші сатысынан үшіншіге көтерілген. Одан кейін Украина өкілі Василий Ломаченко мен британдық Энтони Джошуа орналасқан. Үздік боксшылар рейтингінде, сондай-ақ Александр Усик (Украина), Эррол Спенс (АҚШ), Каллум Смит (Ұлыбритания), Шон Портер (АҚШ) және Мигель Берчельт (Мексика) сияқты спортшылар бар.