Головкиннің рейтингі күрт түсіп кетті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде ТОП-15 тізімінен шығып қалды, деп хабарлайды  Vesti.kz

Тамыз айында Головкин орта салмақта бірінші орында тұрған, бірақ қыркүйекте канадалық Стивен Батлер (27-1-1, 23 KO) көш бастады. Головкиннің келесі қарсыласы, 5 қазанда IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионының бос тұрған белбеуін сарапқа салатын украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) да рейтингте төмендеп кетті.

WBO-ның қыркүйек айындағы рейтингінде төрт қазақстандық боксшы бар: Қанат Ислам (26-0, 21 КО) орта салмақта сегізінші орында қалды, ал Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) осы дивизионда 15-тен 13-ші орынға көтерілді, Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) екінші орта салмақ категориясында тоғызыншыдан сегізінші орынға көтерілді, ал Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) бірінші орта салмақта тоғызыншы орынды сақтап қалды.

Орта салмақтағы WBO титулын өткен жылдың қазан айынан бері америкалық Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) иеленіп келеді.

Бұған дейін Головкин WBC және WBA рейтингтерінде де ТОП-15-тен түсіп қалған болатын.