GRAND SLAM турнирі: Дзюдошыларымыз шетінен жеңіліп жатыр

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде отандық дзюдошылар жеңіліске ұшырауда. Кеше татамиге шыққан үш балуанымыз да алғашқы айналымнан асқан жоқ деп, жазады Olympic.kz. 73 келіде Бакудегі турнирге екі қазақстандық спортшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Мадияр Сембаев бірінші кездесуінде молдовалық Корнел Андрестен, Жанболат Бағытбергенов әзербайжандық Тельман Валиевтен ұтылды. Қыздар арасында 63 келіде белдескен Ақниет Тұрдан татами иесі Диана Шорановадан айласын асыра алған жоқ. Осылайша, бұл күні үміт артқан дзюдошыларымыз бірінші кезеңнен әріге бармады.

. inform.kz