«Канело» Джейкобсты тақандамақ

2019 жылдың мамырында “Канелоның” Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды кеше, 09:46608 0 Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя  WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль “Канело” Альвареске (50-1-2, 34 КО) қарсылас тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Порталдың мәліметінше, “Канело” 15 желтоқсанда АҚШ-тағы Madison Square Garden аренасында WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ұлыбританиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте “Канело” жеңіске жетсе, промоутер 4 мамырда мексикалықты осы салмақ категориясындағы IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) кездестіргісі келеді. “Джейкобс біздің тізімде тұр, – деді Де Ла Хойя TMZ Sports басылымына берген сұхбатында. Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, ағайынды Чарло – олар барлығы мүмкіндіктерін қолданады. Ол проблема емес, себебі “Канело” үздіктермен жұдырықтасады. Мен “Канело” мен Джейкобстың кездесуін көруге қарсы емеспін. Дэнниді жақсы көремін”.

Kaz.tengrinews.kz