“Канело” Джейкобсты жеңді

WBC және WBA (Super) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, оның IBF белбеуін алды.

Бұл Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен кештің басты жекпе-жегі болды. Жұдырықтасу барлық 12 раундқа созылды және нәтиже бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті мексикалық боксшыға берді – 116:112, 115:113, 115:113.

Осылайша Альварес үшінші чемпиондық белдеуді жеңіп алды. Олардың барлығы бұрын қазақстандық Геннадий Головкинде (38-1-1, 34 КО) болған.

Енді “Канелоға” орта салмақтағы абсолют чемпион атану үшін WBO нұсқасы бойынша белбеу жеңіп алу керек.

 Vesti.kz