
«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең жоғары еңбекақы алатын футболшы. Бұ туралы «Р-Спорт» порталы France Football басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, аргентиналықтың табысы жылына 130 миллион еуро.
Рейтингте екінші «Ювентус» форварды португалиялық Криштиану Роналду — 113 миллион еуро. Үшінші ПСЖ ойыншысы, бразилиялық Неймар — 91,5 миллион, төртінші — «Атлетикодағы» француз Антуан Гризманн (44 миллион), ал бесінші — валлиялық Гарет Бейл, «Реала» сапында (40,2 миллион).
Ең жоғары айлық алатын бапкер де аргентиналық — Диего Симеоне, мадридтік «Атлетиконы» жаттықтырады — 41 миллион еуро. Екінші «Манчестер Юнайтедтен» кеткен португалиялық Жозе Моуринью (31 миллион), үшінші — «Монакодағы» қызметін босатқан франциялық Тьерри Анри (25,5), төртінші — испаниялық Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити», 24), бесінші орында тағы бір испаниялық Эрнесто Вальверде («Барселона», 23).