Месси «Алтын доп» жүлдесін алтыншы рет жеңіп алды

Испаниялық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси France Football журналы ұсынған «Алтын доп» жүлдесін алтыншы рет жеңіп алды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Жүлдені табыстау салтанатты рәсімі Париждегі Шатл театрында өтті. Месси жүлдені мадридтік «Реалдың» хорватиялық жартылай қорғаушысы Лука Модричтің қолынан алды. Бұл жолы хорват үміткерлер қатарына кірмеген.