Модрич «Алтын доп» иегері

223
Real Madrid and Croatia midfielder Luka Modric speaks after winning the trophy for the Best FIFA Men's Player of 2018 Award during The Best FIFA Football Awards ceremony, on September 24, 2018 in London. (Photo by Ben STANSALL / AFP) (Photo credit should read BEN STANSALL/AFP/Getty Images)

Мадридтің «Реал» командасы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич France Football басылымының жылдың ең үздік футболшысына беретін жүлдесін – «Алтын допты» алды.Биыл мамырда Модрич «Реал» құрамында ойнап, Чемпиондар лигасын жеңген. Қарашада ФИФА оны жыл ойыншы деп таныған. Басылымға берген сұхбатында Модрич «Қандай күйде екенімді айтып жеткізе алмаймын. Бұл жыл мен үшін жеңісті болды. Үздік футболшы деп маған дауыс бергендерге алғысым шексіз» деді.

2008 жылдан бері «Алтын доп» бес реттен екі футболшыға ғана – Криштиану Роналду мен Лионель Мессиге берілген. Биылғы рейтингіде Роналду – екінші, Месси бесінші орында тұр.