Para Powerlifting–2019. Қазақстан қоржынында 4 медаль бар

Кеше елордада Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 4 жүлдені еншіледі.

Әлем чемпионатының алғашқы күні юниорлар арасында өтті. 45 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде Тұрсынай Қабыл 57 кг нәтижемен алтын медаль алса, осы салмақ дәрежесіндегі күміс жүлде де Қазақстан қоржынына түсті. Оны 45 кг нәтижесімен Сандуғаш Ақанова сыйлады.

Олардың алдында юниорлар арасында 49 кг жоғары салмақ дәрежесінде Ерболат Қарыбай 91 кг нәтижемен қола медаль әкелсе, 54 кг жоғары салмақ дәрежесінде Захар Буимов ел қоржынына күміс жүлдені салды. Оның нәтижесі – 95 кг.

Осылай жарыстың алғашқы күнін сәтті бастаған қазақстандық спортшылар 20 шілдеге дейін әлемнің 78 елінен келген 450-ге жуық атлетпен жарысады.

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты EXPO Конгресс-орталығында өтіп жатыр. Залға көрермен ретінде кіру – тегін.

Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев осы әлем чемпионатын өткізуге жалпы сомасы 800 млн теңге жұмсалғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет 12-20 шілде аралығында өтетін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Раушан Қойшыбаева Елдос Сметов пен Илья Ильиннің жанкүйері екенін айтқан болатын.

Әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшыларымыз бен олардың дайындығы туралы ҚР пара пауэрлифтингтен ұлттық құрамысының бас бапкері Артур Томицский айтып берген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті.