Қазақстан джиу-джитсудан үздік үштікке кірді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда джиу-джитсудан өткен IV Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорданың спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайландтық спортшылар оп жарған бәсекеде ел қоржынына 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль түскен. Алтын алғандар: 1. Тілепова Әлия 62 келі 2. Есенғалиев Айбар +94 келі 3. Нұрлыбаев Жеңіс 56 келі 4. Жәнібек Әбу-Бакір 62 келі 5. Дуванова Галина 52 келі 6. Жарасов Досбол 56 келі 7. Хамзе Баккуар 77 келі Күміс алғандар: 1. Мекенбаева Мөлдір 52 келі 2. Дүйсенқұлов Нұрсұлтан 69 келі 3. Хамзе Баккуар 77 келі 4. Айтмұханбетов Санжар 56 келі Қола алғандар: 1. Мамышев Медетхан, Филатов Виктор дуо-систем 2. Құсайынов Рамазан 94келі 3. Бисалиев Тыныс +94келі 4. Қонысов Қуандық 56келі 5. Нортаев Дархан 62келі Ал жалпыкомандалық есепте жарыс жеңімпаздары атанған Таййланд құрамасы Моңғолиядан 22 алтын, 16 күміс және 9 қола медаль иеленіп қайтты. Командалық есепте орын иеленген жарыс қожайындарының еншісінде 6 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль бар. Биыл бұл біріншілікке құрлықтың 20 елінен 500-ден аса спортшы қатысқан. Қазылар алқасының құрамына 13 мемлекеттен 20 төреші енді.