Қазақстан командаларының еуротурнирдегі қарсыластары анықталды

18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласындаЧемпиондар лигасы мен Еуропа лигасыныңіріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан чемпионыАстанафутбол командасы(НұрСұлтан) Чемпиондар лигасы іріктеуініңбірінші кезеңінде румыниялық ЧФР клубыменкездеседі.

Ал Еуропа лигасына қатысатын алматылықҚайраталғашқы айналымда Широки Бриегклубымен (Босния және Герцеговина), қостанайлықТобылЛюксембургтіңЖенесскомандасымен, шымкенттікОрдабасыгрузиялықТорпедо Кутаисиклубыменойнайды.

“Астана” мен ЧФР арасындағы алғашқы ойын 9 не 10 шілдеде НұрСұлтанда, қарымта ойын 16 не17 шілдеде Клужа қаласында өтеді.

Еуропа лигасының алғашқы ойындары 11 шілдеде, қарымта матч 18 шілдеде болады. “Ордабасыжарысты өз алаңында, “ҚайратпенТобылсырт алаңда бастайды.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы – UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетінелдер клубтары қатысатын жарыс. Чемпиондарлигасына UEFA ұйымына мүше елдердіңчемпионатында жеңген және жүлде алғанкомандалар қатысады.

Еуропа лигасының деңгейі Чемпиондарлигасынан төмен. Бұл жарысқа UEFA ұйымынамүше елдердің кубок иегерлері жәнечемпионатта жүлде алған командалар қатысады.