Қазақстандық ауыр атлет қыз жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Карина Құзғанбаева Фиджиде жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорттық дода Сува қаласында өтуде.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы қыз қоссайыс қорытындысы бойынша 224 келіні бағындырып, турнирде топ жарды.

Бұған қоса, Карина Құзғанбаева жұлқа көтеру мен серпе көтеруден кіші алтын медальді жеңіп алған.

Бұл сында күміс жүлде 221 келі бағындырған кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырса, қола медальді ресейлік спортшы Екатерина Визгина иеленді. Ол 206 келіні бағындырған.