Қазақстандық жеткіншек Месси және “Барселона” жұлдыздарымен кездесті

Екі аяқсыз туған Нұр-Сұлтан тұрғыны Әли Тұрғанбеков Барселонада Лионель Месси және испандық футбол клубының басқа да жұлдыздарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әли өз кумирларымен кездесіп, клубтың жаттығуы мен “Камп Ноу” стадионында болып қайтты.

– Іштей қатты толқыдым, әсіресе Месси басымнан сипаған кезде. Ол маған бір сөз айтты. Жаратқанға алғысым шексіз! Жаратқанға сеніңіздер және одан сұраңыздар, барлығы соның қолында! Мен армандадым, ата-анам тырысты, ал Жаратушы барлығын жүзеге асырды, – деп жазды Әли Instagram-да.

Бұған дейін Әли Тұрғанбеков Украина футбол құрамасының футболшыларымен және оның бас жаттықтырушысы Андрей Шевченкомен, сондай-ақ Марадонна және ПСЖ жұлдыздарымен кездескен болатын.