Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Нұр-Сұлтанға келді

Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль өз командаларымен Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына қонды, – деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атақты қонақтарды ҚТФ президенті Болат Өтемұратовтың өзі күтіп алды.  24 қазанда Гадаль мен Джокович арасында ойын өтеді. Кездесу 19:00-де басталады. Сондай-ақ, теннисшілер баспасөз конференциясы мен мастер-класс өткізеді.  “Мұндай жұлдыздардың келуі – ТМД үшін айтулы шара, сондай-ақ бұл біздің спортшыларды шабыттандыруға әсерін береді, ал теннис ойынына қызығатындар әдемі әрі тартысты ойынды тамашалай алады. “Барыс-Аренада” қайырымдылық ойын өтеді.

Kaz.tengrinews.kz