Ресми: Геннадий Головкин әлем чемпионы титулына таласады

Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасында орта салмақтағы бос чемпион атағы үшін жекпе-жек тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz. Головкин – Деревянченко жекпе-жегі туралы IBF шешімі бүгін, 5 тамызда америкалық уақыт бойынша таңертең қабылданды. Енді боксшылардың командасы жекпе – жектің күні мен орнын таңдаулары керек. Тараптарға 30 күн берілген, ал егер олар 4 қыркүйекке дейін келіспесе, промоутерлік саудаға тапсырыс береді. Ұйым IBF атағын мексикалық Сауль Альварестен (52-1-2, 35 КО) 1 тамызда алды. Ол бұл белбеуді 5 мамырдан бастап иеленіп келген, алайда Деревянченкомен сәтсіз келіссөздер жүргізгені үшін айырды. Осылайша IBF титулына міндетті үміткер Деревянченко ұйым рейтингінде бірінші орынға ие болды. Екінші орын бос, ал үшінші орында Головкин.

Kaz.tengrinews.kz