Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы он бірінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді

Бірінші орта салмақтағы WBC жастар чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов профиде кезекті жеңісіне жетті, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ол канадалық Монреальдағы бокс кешіне қатысты, ал қарсыласы 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос болды. Жекпе-жек он раундқа жоспарланса да, Ахмедов біріншісінен бастап басымдық танытып, жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл әлі жеңіліп көрмеген қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі, оның 10-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Айта кетейік, Ахмедов 25 қазанда мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. 21 жастағы боксшы үшін бұл 2019 жылы өткізетін бесінші кездесуі. Ол 2018 жылдың сәуірінен бастап кәсіпқой шаршы алаңда жұдырықтасып келеді.