Сағадат Рақманқұл Голливудта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұл келесі жекпе-жегін 10 мамырда өткізеді. Бұл туралы боксшының пиар-менеджері Уәлихан Қосанбай мәлім етті.

Рақманқұл Лос-Анджелес қаласының қасында орналасқан Голливудта өтетін бокс кешіне қатысады. Әзірше боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Айта кетейік, Сағадат Рақманқұл өзінің соңғы жекпе-жегін де Голливудта өткізген болатын. 17 наурызда ол америкалық Брэндон Адамспен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Бұған дейін Рақманқұл кәсіпқой бокста бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жеткен. Бір кездесуде жеңіліп қалған.

kaz.tengrinews.kz