«Тур Алматы-2019» жеңімпазы

Польшаның «CCC Development Team» велокомандасынан Патрик Штох «Тур Алматы-2019» бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

Қазақстандық Матвей Никитин («Vino – Astana Motors») мен үшінші болып келген Давиде Габуро («Neri Sottoli–Selle Italia–KTM») көшбасшыдан шамалы артта қалып қойды. Жарысқа қатысушылар 118,6 шақырым жол жүрді. Старт пен мәре «Алматы Аренада» орналасқан. Жарысушылар «Индустриалдық паркпен» 7 айналым жасады. Жалпы, жарысқа әлемнің түрлі елінен 21 команда қатысты. Биыл Қазақстанның намысын 4 команда қорғайды. Олардың арасында жалғыз кәсіби клуб – «Astana Pro Team». Оның құрамына тек қана отандық жарысушылар кірген. Бұдан бөлек, «Vino-Astana Motors», «Apple Team» және еліміздің ұлттық құрамасы өнер көрсетіп жатыр. Екінші кезеңнің тікелей трансляциясы «Еуроспорт» телеарнасында өтеді. Еске салайық, былтыр «Алматы турын» «Astana Pro Team» италиялық велошабандоз Давид Виллелла жеңіп алды.