Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жәнібек Әлімханұлы мен МакЛиллан жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Боксшы Жәнібек Әлімханұлы 18 тамызда канадалық Стюарт МакЛилланмен жұдырықтасады.

Айқасты Qazsport арнасы 18 тамызда таңертең сағат 06:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. 32 жастағы канадалық МакЛиллан шаршы алаңдағы 33 кездесуінің 27-інде жеңіске жеткен. Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінің басты бәсекесінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эмануэль Навaррете /27-1, 23 КО/ мен америкалық Франсиско де Вака /20-0, 6 КО/ қолғап түйістіреді. Айта кетерлігі, биыл сәуірде Жәнібек Әлімханұлы қос бірдей белбеуді – WBC Continental Americas және WBO Global иеленген. Еске слаа кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен. Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне жекпе-жекті тамашалауды әрі «…канадалықты бірге жазалауды» ұсынған еді.

inform.kz