35 жастағы азамат Украина премьер-министрі болып тағайындалды

29 тамызда Украина Жоғарғы радасы елдің жаңа премьер-министрін таңдады. Үкімет басшысы болып президент Владимир Зеленский мен оның парламенттегі “Слуга народа” фракциясы ұсынған Алексей Гончарук тағайындалды. Оны 290 депутат қолдаған деп хабарлайды Азаттық.

35 жаста премьер-министрдің мамандығы – заңгер. Ол бұған дейін президент кеңсесі жетекшісінің орынбасары болып келген.

Үкімет басшысы болған Гончарук экономикалық өсім мен жемқорлыққа қарсы күреске айрықша көңіл бөлетінін мәлімдеді.

Украина парламенті премьер-министрден бөлек күні кеше Жоғарғы рада спикерін де сайлады. Енді парламентті “Слуга народа” партиясының мүшесі Дмитрий Разумков басқарады.

Ал Жоғарғы рада депутаттарының алдында сөз сөйлеген президент Владимир Зеленский жаңа парламентке халық көп сенім артып отырғанын еске салған.

Мемлекет басшысы “егер үміт ақталмаса, бір жылдан соң раданы таратып жіберуге дайын” екенін де жеткізген.