АҚШ нарығы 1987 жылдан бергі ең сұмдық құлдырауға ұшырады

12 наурызда сауда-саттық барысында АҚШ-тың негізгі индекстері шамамен 10 пайызға құлады. Нью-Йорк қор биржасының деректері осыны растайды, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:00-дегі жағдайға сәйкес, S&P 500-де – минус 9,51 пайыз, NASDAQ-та – минус 9,43 пайыз, ал Dow Jones-те – минус 9,99 пайыз.

Бұл 1987 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш болып отыр. 1987-ші жылы әйгілі “қара дүйсенбіде” Dow Jones индексі 22,61 пайызға төмендеп, өз тарихындағы ең төменгі межеге жетке, деп хабарлайды CNBC.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өз үндеуінде экономиканы қолдауға қатысты маңызды уәделер бермегендіктен инвесторлардың дүрбелеңге түскені туралы хабарланған болатын.

Осы аптада алғаш рет АҚШ биржаларындағы сауда-саттық 9 наурызда мұнай бағасының құлдырауы кезінде тоқтатылған.