АҚШ-та атыс нәтижесінде сегіз оқушы ауруханаға түсті

Американың Денвер қаласындағы мектепте болған атыстың нәтижесінде сегіз оқушы аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Хайлендс Рэнч ауданындағы STEM білім беру мекемесінде орын алған. Дуглас округінің шерифі Тони Сперлоктың айтуынша, бірнеше оқушы ауыр халде жатқан көрінеді. Ол сондай-ақ, екі күдіктінің ұсталғанын атап өтті. Олар да оқушылар екен.

Білім беру мекемесінің ғимаратында үшінші атқыштың болуы мүмкін екендігі хабарланып отыр. Барлық оқушылар мектеп аумағынан автобустармен шығарылған.

2018 жылы наурыз айында Флорида штатының сенаты жергілікті мектептердің бірінде оқушы атыс шығарған соң, адамдардың жаппай қырылуының алдын алуға бағытталған мектептердегі қауіпсіздік туралы құжатты бекіткен болатын. Аталған оқиғаның нәтижесінде 17 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алған.